Келестік шаруа шөлейт жерден өнім алуда.Түркістан облысы Келес ауданында «Н.Нұрсұлтан.Ә» кооперативі ағын су шықпайтын 26 гектар қырлы аумақта жер асты суы арқылы егін алқабын суаруды қолға алған. Бидай, қарбыз, картоп, құлпынай, қияр сынды өнімдерді еккен шаруа «Ұшқын» ауылдық округіндегі «су шықпайды» деген жерді игеріп, өз мақсатында ұтымды пайдаланып отыр.
«Өзбекстан елімен шекара аумағындағы бейтарап аймақтан Бозсу каналы ағып өтеді. Соны ескере келе жер асты суын жинайтын арнайы бассейн қаздырдық. Мұнда жиналған су қозғалтқыш (матор) арқылы алқапқа жіберіледі. Жаңбырлатып суару әдісін қолданып, заманауи технологияларды барынша енгізуге әрекет жасаудамыз» — дейді шаруақожалық иесі Тұрлыбай Жоланов.
Осылайша шаруа ағын суды үнемдеудің ерекше тәсілін тапқан. Қожалық иесі тиісінше жиын-терім маусымында мол өнім алуға ниетті.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі