13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының 1,6 млн тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған

5 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының 1,6 млн тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының 1,6 млн тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы. Яғни, жоғары технологиялық операция, МРТ, КТ, скринингтік тексерулер, патронаттық қызметтер, амбулаториялық-емханалық көмек, стоматологиялық қызметтерді ақысыз алу барынша қолжетімді болады деген сөз. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары А.Сабитовтың төрағалығымен өткен өңірлік штабта айтылды.

Жүйеде әлі күнге дейін сақтандырылмаған 400 мыңға жуық адам ақысыз қызметтерден тыс қалып отыр. Сақтандырылмағандардың көпшілігі тұрақсыз төлеушілер. Яғни, олар үшін қандай да бір аударымдар және жарналар тұрақты түспейді, не болмаса төлем дұрыс жүргізілмеген. Соның салдарынан жүйеде қарызы қордаланып, мәртебесінен айырылады. Демек, төлемдердің жүйелілігін сақтау маңызды.

«Жүйеге қатысатындардың ішінде 15 жеңілдетілген санаттар мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген. Алайда, ақпараттық жүйелерде аталмыш санаттардың әлеуметтік статустары анықталмағандықтан сақтандырылу құқығынан айырылып қалып отыр. Осы ретте, жеңілдетілген санатқа жататын азаматтар тіркелген емханасына барып әлеуметтік статустарын анықтағандары жөн», — дейді, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев.

Қор медициналық қызметтерді тұтыну үшін 15 жеңілдетілген санатқа, шағын және орта бизнес қызметкерлеріне уақытша статус беру жұмысын жүргізеді. Жыл басынан бері «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасында 174 ШОБ қызметкеріне, 33 80 жеңілдетілген санаттағы тұрғындарға уақытша статус берілді. Уақытша статус оларға растайтын құжаттарды ұсынуға және жеңілдік санатқа оралуға мүмкіндік береді. Содан кейін олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғаның мәртебесі туралы сұрақтар туындаса, жарналар мен аударымдарды төлеуге байланысты Қордың 1406 бірыңғай байланыс орталығына, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына, Telegram-дағы «SaqtandyryBot», «fms.kz» ресми сайттары арқылы хабарласуға болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: Туркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан облысында мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Next Post

Мақтааралда ауыл шаруашылығы өнім көлемі 4,5 миллиард теңгеге жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі