13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының резиденттігін растау құжатын алу тәртібі

4 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстан Республикасының резиденттігін растау құжатын алу тәртібі
Share on FacebookShare on Twitter

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі) Заңының 217 бабында көрсетілгендей Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын тұлғалар халықаралық шарт жасасқан немесе шет мемлекетте қызметін жүзеге асырған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент тұлға егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін, осындай тұлға тұрған(тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органына резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының резиденттігін растау құжатын ала алады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына сәйкес, салық органына резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті ұсыну екі әдіспен жүзеге асырыады:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының резиденттігін растау құжатын қағаз жүзінде алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация):
1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес резиденттігін растау туралы салықтық

өтініш (бұдан әрі–салықтық өтініш);

2) өзінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқаны негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттарды) нотариаттық куәландырылған көшірмесін;
3) резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның шетелдік төлқұжатының немесе куәлігінің, Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса) нотариат куәландырылған көшiрмелерiн ұсынады;
порталға:
1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) өзінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқаны негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және(немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттарды) нотариаттық куәландырылған электрондық көшірмесі;
3) резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам –

азаматтығыжоқ адамның шетелдік төлқұжатының немесе куәлігінің, Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса) нотариат куәландырылған электрондық көшiрмелерiн ұсынады.

Сонымен қатар,  Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі)Заңының 218 бабына сәйкес, Тұлғаның резиденттігі осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде, резиденттікті растауға арналған салықтық өтініште көрсетілген әрбір күнтізбелік жыл үшін расталады және резиденттің өтініші ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.

Ескерту: резиденттікті растауға арналған құжатқа апостил қою қажет болған жағдайда 108125—1 459 теңге (0,5) МРП төлем жүргізу қажет. 

Қосымша мәлімет алу қажет болған жағдайда Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызмет көрсетулер бсқармасының 35-36-74 телефоны арқылы алуға болады.

 

 

Previous Post

Порядок регистрации и прекращения деятельности индивидуального предпринимателя

Next Post

Получение документа, подтверждающего резидентство Республики Казахстан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі