13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дара кәсіпкердің қызметін тіркеу және тоқтату тәртібі

4 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Дара кәсіпкердің қызметін тіркеу және тоқтату тәртібі
Share on FacebookShare on Twitter

ДК ретінде қызметтің басталуы туралы хабарламаны екі тәсілмен:

— Қазақстан Республикасының «Е-лицензиялау» порталы арқылы;

— Қызмет көрсету орталықтары не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз тасымалдағышта келу тәртібімен жолдауға болады.

ДК тіркеу деректерін өзгерту:

ДК оның тіркеу деректерін және (немесе) бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректерді өзгерткен күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына хабарлама беруге міндетті.

Тіркеу деректерін өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған хабарлама алған күннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Қызметті тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, ДК бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына (СК-нің 66-бабы):

—  қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

— рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын

салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны, мұндай есепке алу болған кезде;

— таратудың салық есептілігін;

— Салық кодексінің 169-бабында айқындалған тәртіпте бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті (болған кезде) ұсынады.

Бұл ретте, ДК бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келуі тиіс:

1) ҚҚС төлеушісі ​​болмауы;

2) салықтық тексерулер жоспарына немесе тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша таңдамалы салықтық тексерулердің тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде салықтық тексерулердің ерекше тәртіп бойынша жүргізілген салықтық тексерулердің жарты жылдық кестесіне енгізілмеген болуы;

*Бұл ереже Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде Салық кодексінің 66-бабының 1-тармағында айқындалған шарттарға сәйкес келетін ДК-ға, сондай-ақ ДК ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап уақыт кезеңі Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз болған ДК-ға қатысты қолданылады (3 жыл).

 ДК мынадай құжаттардың бірі (СК 67-бабы) негізінде Салық кодексінің 95-бабында белгіленген камералдық бақылауды жүргізбестен қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатады:

— қызметті тоқтату туралы салық төлеушінің салықтық өтініші;

— СК-нің 85-бабы 5-тармағында көзделген жағдайларда, салықтық есептілікті ұсынуды немесе патент құнын есептеуді тоқтата тұру (ұзарту, жаңарту) туралы салықтық өтініште жазылған жазбаша келісімі.

Бұл ретте, ДК бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келуі тиіс:

1) ҚҚС төлеуші ​​ретінде тіркеу есебінде тұрмауы;

2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмауы;

3) Салық кодексінің 88-бабы 1-тармағында көрсетілген қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырмауы;

4) салықтық тексерулер жоспарында немесе тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша таңдамалы салықтық тексерулердің тізімінде болмауы не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде салықтық тексерулердің ерекше тәртіп бойынша жүргізілген салықтық тексерулердің жарты жылдық кестесінде болмауы;

5) салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болмауы;

6) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейінің болмауы.

 

Егер ДК жоғарыда аталған шарттарға сәйкес келмесе, онда қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына (СК-нің 65-бабы):

— салықтық тексеруді жүргізу туралы салықтық өтінішті;

— таратудың салық есептілігін ұсынады.

ДК мәртебесі www.kgd.gov.kz веб-сайтында «Салық төлеушілерді іздеу» салымының электрондық сервистерінде орналастырылады.

 

 

 

Tags: Шымкент
Previous Post

Түркістанның орман алқаптары екі есе ұлғайды

Next Post

Порядок регистрации и прекращения деятельности индивидуального предпринимателя

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі