13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Мақтаарал ауданында мармелад өндіретін фабрика іске қосылады

3 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Мақтаарал ауданында мармелад өндіретін фабрика іске қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында 2021-2022 жылдары 308 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын жалпы инвестиция көлемі 10,8 млрд теңгеге 5 жоба іске асырылады. Оның бірі жылына 10 000 тонна мармелад және жеміс-жидек, бақша, өнімдерін кептіріп өндіретін «JID&COM» ЖШС-і. Өндіріс орны Германия мемлекетімен бірлескен компаниясымен салынып, 2021-2022 жылдары іске қосылмақ. Онда 74 адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы брифингте аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.

Сондай-ақ, ауданда мақта майын өндіретін жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайтын Қазақстан және Турция елдерінің бірлескен жобасы жүзеге асады. Өндіріс орны ағымдағы жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Жобаның қуаттылығы жылына 2,9 мың тонна май, 14 000 тонна шрот шығару, онда 48 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайтын жіп шығаратын «Tulpar Texstill» ЖШС-і Қазақстан және Турция елдерінің бірлескен компаниясымен салынып, 2021-2024 жылдары жүзеге асады. Жобаның қуаттылығы жылына 6 600 тонна жіп өндіру. Бұдан өзге, жалпы құны 209 млн теңгені құрайтын «ЕL-KZ 2020» ЖШС-і темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытты 2021-2022 жылдары іске қосуды жоспарлауда. Және де ауданда «Инженерная арена» ЖШС-і Малайзия мемлекетімен бірлескен қуаттылығы 4,95 МВт электр энергиясын өндіретін станциясы 2021 жылы салынады.

«Мақтаарал ауданында 2021 жылдың 4 айында жалпы ішкі өнім көлемі 15,1 млрд теңгені құраса, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5% артқан. Аудан бойынша биыл негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,5 млрд теңгені құрап отыр. Ал жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2021 жылдың 4 айында 4,5 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы — 431,1 млн теңге, мал шаруашылығы — 4,1 млрд теңге», — деді Бақыт Насырханұлы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

 

Previous Post

Түркістан: Сайрам ауданында бизнес-нысандар кітапханаға айналуда

Next Post

Түркістанның орман алқаптары екі есе ұлғайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі