13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді

3 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру және Бас прокуратураның тапсырмасын орындау аясында ағымдағы жылы Шымкент қаласының прокуратурасы 5 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады, оның ішінде заңсыз тексерулердің жолын кесті, мемлекеттік органдардың актілерінің күшін жойды.

Құқықтық статистика органдарымен бірлесіп мораторий кезеңінде қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бастамашылық еткен кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу сатысында 7 тексерудің жолы кесілді.

Қадағалау актілері бойынша тыйым салу-шектеу сипатындағы, оның ішінде бақылаушы органдардың 12 шарасы жойылды.

Мысалы, карантин кезінде қоғамдық тамақтану объектілерінің, дүкендердің жұмыс уақытын арттыру бағытында қаланың санитарлық дәрігерінің қаулысы жойылып, жаңасы шығарылды.

Сонымен қатар бұрын прокуратура тағайындау негіздерін жойған 23 салықтық тексеру қадағалау актісі бойынша тоқтатылды.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу саласында әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптарды негізсіз жоғарылатқан 1 млрд. теңге сомаға 28 конкурс жойылды.

Мобильді топ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысында жол айрығының салынуына байланысты жол жабылған бизнестің 40 нысанына келушілердің қолжетімділігін қамтамасыз етті.

Жалпы прокуратура бизнес үшін 10-нан астам әкімшілік кедергілерді жойды.

Кәсіпкерлердің барлық құқықтарын бұзылуы бойынша мемлекеттік органдардың 15 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкерлердің назарын мобильдік топтың қызметіне аудара отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз тексерулер мен әкімшілік кедергілер болған жағдайда прокуратура органдарының сенім телефондарына хабарлауды сұраймыз. Шымкент: 8 (7252) 53-91-84, 8-778-111-25-42, 8-775-222-75-25.

Шымкент қаласы прокуратурасының

Баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындығы пысықталды

Next Post

Түркістан: Сайрам ауданында бизнес-нысандар кітапханаға айналуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі