13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 2,3 мың шақырым жол жөнделеді

2 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 2,3 мың шақырым жол жөнделеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы алдағы 5 жылда 99,5%-ға жеткізілмек. Облыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің сапасын арттыру мәселесі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Түркістан облысында алдағы 5 жылда 2,3 мың шақырым жол салынып, жөндеуден өтеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында оңтүстік-батыс айналма жолы, Сарыағаш қаласын айналма жолы, Түркістанның Шығыс айналма жолы, сондай-ақ Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек теміржол магистралі салынады.

Түркістан облысында жыл соңына дейін жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79 %-дан 81,4%-ға арттыру көзделуде. Бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 90%-ға арттыру жоспарланған. Биыл автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген қаражаттың басым бөлігі жергілікті маңызы бар жолдарға бағытталады. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 300-ден астам нысан, не 1200 шақырымға жуық жолдар мен көшелер қамтылған. Жыл соңына дейін 700 шқ. жол пайданалуға беріледі.

Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандары аумағында ұзындығы 478 шқ. жолдар күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Одан бөлек, осы аудандарда облыс әкімінің тапсырмасымен жалпы ұзындығы 180 шқ. асатын

11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде. Бұл жолдарды қыркүйек айында толықтай пайдалануға беру жоспарлануда. Жолдар Қазығұрт, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласында да жүргізіліп жатыр.

Биыл Түркістан-Балтакөл, Кентау-Ащысай, Шымкент-Қарамұрт, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар бағыттарындағы жолдарды пайдалануға беру және Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталады.

Түркістан — Балтакөл, Түркістан-Қарнақ-Кентау бағыттарында 80 шқ. автомобиль жолдары күрделі және орташа жөндеуден өткізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Түркістан-Қарнақ-Кентау, Кентау-Ащысай бағыттарындағы 53,7 шқ. жолдарды орташа жөндеуге тиісті қаржы қаралды. Шардара-Арыс бағытындағы жалпы ұзындығы 41 шқ жолдың күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айында толығымен аяқталатын болады. Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шымкент-Көксәйек бағыттарындағы 50 шқ. күре жолдар қайта құру, күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Жаңарған жолдар қыркүйек айына дейін ашылады.

Отырар ауданының Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм және Отырар қалашығы бағыттарында 42 шқ. жолды орташа жөндеуге тиісті қаржы қаралды, нысандар келесі жылға өтпелі. Ордабасы ауданының Темірлан-Қызылсеңгір, Қайнар-Ұялыжар, Бадам-Шұбар бағыттарындағы 68,4 шқ құрайтын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары басталатын болады. Нысандар келесі жылға өтпелі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шардарада жылына 200 тонна қауын қақ өндіретін цехтың құрылысы жүреді

Next Post

Шымкентте жыл басынан бері 300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі