13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Кең дала» бағдарламасы қарқын алды

2 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында «Кең дала» бағдарламасы қарқын алды
Share on FacebookShare on Twitter

«Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу бағдарламасы аясында  биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тартылған 3,8 млрд. теңге қаражатты «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС-мен оның еншілес мекемесі «Ырыс» МҚҰ» ЖШС қысқа уақыт аралығында Түркістан облысы ауылшаруашылығы тауарөндірушілерге таратты. Бұл — облыстағы қаржы институттарына бөлінген жалпы 6,8 млрд.  теңгенің 55 пайызы.

2021 жылдың наурыз айында «Ырыс» микроқаржы ұйымы  мен «Аграрлық несие корпорациясы» арасындағы келісімшартқа сәйкес, республика бюджетінен 2,8 млрд. теңге қаражат көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға бөлінген болатын. Межеленген міндеттер уақытында орындалды.

Атқарылған жұмыстардың аясында көктемгі егін егу және жинау жұмыстары бойынша барлығы 3,8 млрд. теңгеге 809 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, өңірде 900-ден астам жаңа жұмыс орындарының ашылуына өз үлесін қосты. Қаражат мақта, бақша, жүгері, бидай, мақсары, көкөніс және арпа дақылдарын өсіруге үлестірілді. Аталған бағыттар бойынша барлығы  80,6 мың  га егін егілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шардаралықтар қол күрестен әлем құрамасын мойындатты

Next Post

«4 тонна құм»: Түркістанда жаңа арт-нысан ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі