13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында екі көпір күрделі жөндеуден өтті

2 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында екі көпір күрделі жөндеуден өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Облыстық маңызы бар КХ-82 «Шымкент-Көксайек-Қасқасу-Шымкент» автомобиль жолындағы «Сайрам су» өзеніндегі көпірге Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен 2020 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары кезінде апатты жағдайдағы көпір толығымен демонтаждалған. Көпірді көтеріп тұратын ескі тіректердің орнына бұрғылап құю әдісімен тереңдігі 10 метрді құрайтын, диаметрі 1,5 метрлік 12 дана темірбетонды қадалар құйылды. Нәтижесінде, жобаға сәйкес, ұзындығы 87 метрді құрайтын ені 12 метрлік көпір құрылысы жүрді. Сондай-ақ, көпірдің екі жағынан аяқжол төселіп, көпірдің астына габиондар орналастырылды. Қазіргі таңда көпір толығымен аяқталып пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы басқарма тапсырысымен Ордабасы ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-8 «Өзбекстан Республикасы шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан-М-32» автомобиль жолындағы «Бадам» өзені үстіндегі көпірге мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС-і тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нысанның жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес, көпірдің ұзындығы 96,2 метр, ені 10 метрді құрайды. 2020 жылдың қазан айында көпір құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы филиалының мамандары тарапынан тұрақты бақылауда болды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Түркістан облысының экономикасы 5 жылда 1,5 есеге өседі — А. Мамин 

Next Post

Шардаралықтар қол күрестен әлем құрамасын мойындатты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі