13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаларды алу жеңілдей түсті

2 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаларды алу жеңілдей түсті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жыл басынан бері кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің 131 мыңға жуығы таратылған. Атаулы әлеуметтік көмектің азық-түлік түрі тағайындалған отбасы балаларына жас ерекшеліктеріне сай сүт, жүгері, сұлы жармасы мен балалар ботқасы, тәтті күлше түрлері мен басқа да тағам өнімдері және тұрмыстық қажеттілік заттар салынған пакеттер берілуде.

Азық-түліктер АӘК аз қамтылған отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға беріледі. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілу кезеңінде тікелей баланың жасына байланысты анықталады. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қалада бүгінде 34 мыңнан астам балаға қажетті азық-түлік тұрақты түрде беріліп отыр.

Әлеуметтік пакеттер «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде күнделікті және демалыссыз сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін таратылады. Сауда үйі кепілдендірілген әлеуметтік пакетті тек қана @aspgramadbot телеграм боты арқылы хабарлайды. Бот арқылы азық-түлік беру бекеттерінің мекенжайларын және күні мен уақытын білуге болады. Ол үшін баланың ЖСН нөмірін енгізу қажет. Азық-түлік сапасына арыз-шағым түскен жағдайда сауда үйі затты ауыстыруға кепілдік береді.

Азық-түліктер төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша таратылады:

  1. Еңбекші ауданы, Жібек жолы 58, «Кабиско» аялдамасы, «Gramad Hypermarket»
  2. Әл-Фараби ауданы, Жангелдин көшесі 3, «Айгүл» аялдамасы, «Gramad Supermarket»
  3. Абай ауданы, Темірлан тас жолы 129, «Бекжан» автовокзалы
  4. Қаратау ауданы, Қайтпас 1 ш/а Көшеров көшесі 10 үй, «Береке» дүкенінің жанында және Нұрсат ш/а «Шахан» сауда үйі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент: «Аsem clinic» емханасы пайдалануға берілді

Next Post

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі