13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген 83 пәтер жекешелендірілді

2 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген 83 пәтер жекешелендірілді
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жыл басынан бері тұрғын үйді жекешелендіру бойынша электронды түрде 108 азамат құжат тапсырған. Оның ішінде 83 азаматтың өтініші қанағаттандырылып, пәтерлері жеке меншігіне өткізілді. Қазіргі таңда қалған азаматтар бойынша жекешелендіру жұмыстары жүргізілуде.

Жекешелендіріліп жатқан пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі баспаналар болып табылады. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы 2016 жылы қолданысқа енгізілген.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидасына» және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

2020 жылдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үйлерді жекешелендіру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылуда. Аталған қызметті алу үшін азаматтың және оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің (ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңбасы болу тиіс.

2019 жылы 188 азаматтың мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлері жеке меншіктеріне өткізілді. Ал 2020 жылы бұл қызметті алған азаматтар саны 102-ні құраған.

Айта кетерлік жайт, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылысы жүргізіліп пайдалануға тапсырылған арендалық тұрғын үйлер бағдарлама талаптарына сәйкес, сатып алу құқығынсыз жалдау шарты негізінде берілген. Сондықтан аталған бағдарлама аясында азаматтарға жалға берілген пәтерлер жеке меншікке берілмейтіндігін назарларыңызға саламыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкенттің «Торнадо» командасы ІІ турда жеңіске жетті

Next Post

Шымкентте 600 шақырымға жуық жерге кәріз құбыры тартылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі