13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жаңа алты автобус бағыты ашылды

1 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жаңа алты автобус бағыты ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік 100 жаңа автобуспен толығып, 6 жаңа бағыт ашылды. Қоғамдық көліктердің кілтін табыстауға қала әкімі М.Әйтенов қатысып қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысының халыққа қолайлы жағдай жасау тапсырмасы аясында қалада жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтқан қала басшысы қаладағы қоғамдық көлік биылғы жылы 80 пайызға жаңаратынын айтты.

«Қаламыз халыққа қолайлы болу үшін қоғамдық көлік жүйесін одан әрі дамытамыз. Былтыр 590 жаңа автобус сатып алынып, оның 200 іске қосылған болатын. Міне бүгін қоғамдық көлік тағы жаңа 100 автобуспен толығып отыр. Қалған автобустарды да рет-ретімен іске қосатын боламыз. Сонда қоғамдық көлік 80 пайызға жаңарады. Бұл автобустар газбен жүреді, кондиционері бар, мүмкіншілігі шектеулі азаматтарымызға қолайлы»,-деді қала әкімі.

Сонымен қатар әкім қоғамдық көлік жүргізушілері бірінші кезекте мәдениетті болу керек екендігін атап өтті.

Бүгінге дейін, мегаполисте 71 бағыт болса, енді қосымша 6 бағытқа толығып, қоғамдық көліктердің саны 880 автобусқа жетті. Ендігі жерде жаңа автобустар Самал 3, Ақ жайық, Күншығыс, Хамза, Шымсити, Қайтпас 1 мөлтек аудандарына жүретін болады.

Өткен айда Шымкент қаласында күн сайын 200 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін метан газын толтыратын компрессорлық станция іске қосылған болатын. Алдағы уақытта күн сайын 300 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін қалада тағы бір компрессорды іске қосу жоспарланған.

Егер де қоғамдық көліктердің кешігуі жүргізушілердің дөрекі сөйлеуі және басқа да қоғамдық көлікке қатысты сауалдарыңыз туындаса @Shymkent «109» бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz.kz13кзМұрат ӘйтеновШымкент
Previous Post

«Бала шақтан - болашаққа»: Балалар әдебиеті фестивалі өтті⠀

Next Post

Шымкент: 6 мыңнан астам мүгедектігі бар балаға бір реттік әлеуметтік көмек беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі