13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Farabi offline: парақtimes» кітап жәрмеңкесі өтуде

31 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Farabi offline: парақtimes» кітап жәрмеңкесі өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылы «Балалар әдебиеті» жылы деп жариялаған болатын. Бұл ретте «Балалар әдебиеті» және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Арбат» демалыс аймағында Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапханасы және «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Farabi offline: ПАРАҚTIMES» кітап жәрмеңкесі өтуде.

Биыл аталмыш шара екінші рет ұйымдастырылып отыр. Кітап көрмесіне республикаға белгілі балалар жазушылары Серікбол Хасан, Саят Қамшыгер, Дәркен Танабаев арнайы келді. Бұған қоса, ақын Нармахан Бегалы, Сарманбай Исақ, Сая Қасымбек сынды танымал жергілікті қаламгерлер қонақ болды. Кітап жәрмеңкесінде балалар әдебиетін насихаттау мақсатында кітап кейіпкерлерінің шеруі, балалар ойындары мен байқаулары, ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге республикалық «Фолиант», «Қазақ университеті», «Қазақ энциклопедиясы», «Қазына» кітап үйі, «Қасым» баспа үйі, «Книжный клуб», «Отбасы хрестоматиясы», «SteppoWorld», «Қызмет», «Самға» жетекшілік баспалар және де қалалық кітапханалар қатысты. Алдағы уақытта көрмені халықаралық деңгейде өткізу жоспарда бар дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, шара барысында Шымкентте биыл ашылған Балалар кітапханасының жанынан құрылған отбасылық кітапхананың тұсаукесері ұйымдастырылды.

– Кітап көрмесі барысында кітапхананың тұсаукесері өтті. Кітапхана отбасы оның ішінде бала тәрбиесі, балалардың дамуы, психологиясы сияқты модернизациялық бағыттарды қамтиды. Балалар әдебиеті жылына орай кітапхана оқырмандарына жағдай жасалды. Атап айтқанда, оқырмандар тек кітап қана оқып қоймай, шахмат, дойбы сияқты спорттық ойындар да ойнай алады, — дейді Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесінің директоры Гүлсім Шатырбекова.

Айта кетейік, кітап жәрмеңкесі «Арбатта» ертең де жалғасады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына әлеуметтік қолдау ретінде 15 миллиард теңгеге жуық қаражат төленді

Next Post

Шымкент қаласында 368 отбасы жыл соңына дейін баспанамен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі