13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан оқушылар сарайы есеп беру концертін өткізді

31 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан оқушылар сарайы есеп беру концертін өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен 1 Маусым — Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» атты концерт өтті. Шығармашылық және өнер бөлімдерінің есеп беру кешінде бүлдіршіндер мен ата-аналар алдымен «Өнер» бөлімі үйірмелерінің қатысушыларының қолынан шыққан туындылар көрмесін тамашалады. Ағаштан қашалған аспап, ермексаздан туған ерекше дүние, жіптен иірген сөмкелер мен бұйымдық заттар көздің жауын алып, келушілерді тамсандырмай қоймады.

​Аталмыш мерекеге арнайы қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы «Түркістан күн сайын көркейіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Екі жыл бұрын ғана ойға да келмейтін дүниелер қазір Түркістанның көркін ашып, дамуына ықпал етіп отыр. Осы тұрғыда Оқушылар Сарайы да біздің болашағымыз яғни кішкентайларымыздың өсетін, дамитын ордасы» деп атап өтті.

Әрі қарай кеш «Шығармашалық» бөлімнің концертімен жалғасты. Одан кейін «Сатираның» балапандары бір қойылымда бірнеше күйден попурри орындады. Аталмыш кеште Оқушылар сарайының өнерпаздары тек қазақ тілінде ғана емес өзге тілдерде де өнер көрсетіп, классикалық өнерден де тарту ұсынды.

Түркістан Оқушылар сарайы директоры Индира Сарқытқызының айтуынша, мұндай концерттер әр маусымда өткізіліп, дәстүрге айналмақ. Атқарылған жұмыстардың есебі іспеттес өнер кеші — болашақ өнерпаздарды сахнаға баулу, үлкен өнерге дайындаудың алғышарты болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан: Қазығұрт ауданындағы жолдардың сапасы артқан 

Next Post

Түркістан: Бәйдібек ауданын газбен қамту деңгейі 46 пайызға жетеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі