13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан Хорватиямен ынтымақтастықты нығайтады

31 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан Хорватиямен ынтымақтастықты нығайтады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рефик Шабановичпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Хорватия мен Түркістан облысы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, тараптар туризм, спорт және ауыл шаруашылығын дамыту туралы пікір алмасты. Облыс әкімі екі ел арасындағы алдағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

«Келер жылы елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Бізге Хорватияның ақпараттық технологияны,  туризм мен спорт салаларын дамытудағы тәжірибесі өте құнды. Хорватияда футбол өте жақсы дамыған.  Сіздерде мықты жаттықтырушылар мен ойыншылар бар. Осы тұрғыда біз футбол командасын күшейтуге күш саламыз. Сонымен қатар, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ашықпыз», — деді Ө.Шөкеев.

Өз кезегінде Рефик Шабанович екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, Түркістан облысында жүзеге асыруға болатын бірқатар жаңа жобаларды атап өтті. Хорватиядағы туризм экономиканың негізгі драйвері болып табылатынын және олар осы саланы дамытудың табысты тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтіп жатыр

Next Post

Келес ауданында биыл жылына 700 мың дана темірбетон өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі