13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының командасы жамбы атудан өткен қазақстан чемпионатында алтын медаль иеленді

31 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының командасы жамбы атудан өткен қазақстан чемпионатында алтын медаль иеленді
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы облысындағы Талғар ауданында ұлттық ат спорты түрлері теңге ілуден және жамбы атудан кезекті Қазақстан чемпионаты аяқталды. Республикалық жарыста Түркістан облысының спортшылары командалық есепте бас жүлдені қанжылғаларына байлап қайтты.

Еліміз бойынша ең таңдаулы деген балуандар қатысқан бұл Қазақстан чемпионатына түркістандық Айкөз Ералхан жамбы атудан жоғары дайындықпен барған. Талай жарыстарда ұлттық спортымыздан топ жарып келе жатқан талантты жерлесіміз биылғы жамбы атудан өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. Ал, теңге ілуден елімізге танымал спортшы Ғалымжан Ізжанов та жеңіс тұғырын бағындырды.

Айта кетерлігі, биыл жоғары деңгейде ұйымдастырылған жамбы атудан өткен Қазақстан чемпионатына 16 облыстан бетке ұстар саңлақтар қатысып, күш сынасты. Күміс жүлдегер атанған жерлесіміз Айтбек Сарыбай жамбы атудан өзінің мықтылығын көрсетті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы марапаттаған жиынға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, еліміздің ұлттық спорт жанашыры, елімізде ұлттық спорт түрлері Қауымдастығын басқаратын Бекболат Тілеухан арнайы қатысты. Қазір ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде өркендетуде қазақстандық бапкерлердің атқарып жатқан қажырлы еңбектері бар. Бұған дәлел, биыл 14-рет жалауы желбіреген теңге ілу мен жамбы атудан Қазақстан чемпионаты болып тұр. Тартысты жарыста түркістандықтар командалық есепте бас жүлдені жеңіп алып, туған елге олжалы оралды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте 316 көппәтерлі үй тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне көшті

Next Post

Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі