13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында саяхаттауға шыққан 7 адам із-түссіз жоғалып кетті

27 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында саяхаттауға шыққан 7 адам із-түссіз жоғалып кетті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының, Төле би ауданында тауға саяхаттауға шыққан 7 адам әлі күнге табылмай жатыр. Белгілі болғандай туристер 21 мамыр күні «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған. Содан із-түссіз жоғалып кеткен. Олардың жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 2021 жылғы 25 мамырда сағат 18:30-да келіп түскен. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек болатын. Қазіргі таңда Түркістан облысының құтқарушылары Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған 7 адамды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте іздестіру топтары 37 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралады. Екі пилотсыз ұшу аппараты арқылы 4 шақырым радиуста ұшу жүргізілген.
Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментің 25 құтқарушысы, 2 квадракоптері және 7 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, полиция департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 техникасы, ҰҚК Шекара қызметінің 3 ат патрулі, ұлттық парктің 10 қызметкері мен жоғалғандардың туыстары іздестіруге атсалысуда.
«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы әуеге көтеріліп, іздеу жұмыстары жағасуда – делінген Түркістан облысы ТЖ департаменті таратқан хабарламада.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістанда 1 мыңға жуық тұрғынға жер телімі беріледі

Next Post

Шардара қаласынан  «Дарын» дамыту орталығы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі