13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Құнды құжат» байқауы өтті

26 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Құнды құжат» байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының білім басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қала мектептері оқушыларының арасында «Құнды құжат» байқауы өткізілді.

«Құнды құжат» байқауы Ұлы Отан соғысына қатысқан сарбаздардың жазған хаттары мен олардың майдандағы фотосуреттерi, күнделiктерi, т.б. құжаттарын жинауға арналды.

Байқаудың мақсаты – жеке азаматтардың қолындағы тарихи құжаттарды мүмкiндiгiнше жинап, өңiрлiк архивке өткiзу.

Байқауға жалпы орта білім беретін ұйымдардан 11 өтініш түсті. Талап бойынша байқауға қатысушылар соғыс ардагерлерінің әскери билетінің көшірмесін, майданнан жазылған хаттар, қаза тапқандарға келген «қара қағаз» сияқты дәлелдер ұсынды.

«Құнды құжат» байқауы бойынша барлық жұмыстарды жан-жақты сараптай келе, қазылар алқасы №41 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Мұстафа Аянатты 1 орын иегері деп таныды. Ал №96 жалпы орта білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы Жолдабек Нұрдәулет 2 орынға лайық деп табылса, №65 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Кенжебек Мағжан 3 орынды иеленіп, Әдістемелік орталықтың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Қалған қатысушылар құжаттарын қайта толықтырып, зерттеу жұмыстарын ары қарай жалғастыратын болды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістан
Previous Post

Өмірзақ Шөкеев АҚШ-тың бас консулымен кездесті

Next Post

«Шымкент жастар лигасы»: Волейболдан жеңімпаз команда анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі