13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақтық түлектер жалғызбасты анаға баспана тарту етті

26 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Созақтық түлектер жалғызбасты анаға баспана тарту етті
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауылының «Созақ» мектеп-гимназиясының 20 жыл бұрынғы түлектері қайырымдылық жасап жалғызбасты анаға тұрғын үй салып берді. Төрт бөлмелі үйде ауыз су, жарық және жылу жүйесі орнатылған. Соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған. Ауласы да әрленген.

Жаңа баспанаға ие болған жалғызбасты ана Саламат Ералиева қуанышымен бөлісіп, жерлестеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, мектепті 2001 жылы бітірген түлектер ауылда футболдан жарыс ұйымдастырды. Өмірден ерте қайтқан сыныптастарының рухтарына Құран бағыштады. Іс-шараның баршасы да карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген.

Жалпы созақтық мектеп бітіруші түлектер 20 жылдық мерекелеріне орай демеушілік жасап, туған жердің түлеуіне өз үлестерін қосып келеді. Мәселен, былтырғы жылы салынған бір үй көпбалалы жалғызбасты анаға берілген. Түлектердің қолға алуымен биыл Созақ ауылында үш үй бой көтеруде. Сонымен қатар, бұған дейін ауылдың кіре-берісіне киіз үй мен ауыл орталығына бәйтеректің мүсіні орнатылған болатын.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент әкімі шахмат ойынының жеңімпаздарын марапаттады.

Next Post

Түркістан: Білім ұяларындағы бала құқығы қатаң қадағалауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі