13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік кітапханашылар республикалық байқауда жүлдегер атанды

26 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік кітапханашылар республикалық байқауда жүлдегер атанды
Share on FacebookShare on Twitter

«Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «ҚР үздік кітапханасы» республикалық байқауы өткен болатын. Бұл сайыста Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің қызметкерлері Әсем Қабылова және Перуза Бейбітова I-орынды иемденіп, арнайы дипломмен марапатталды.

Байқау шарты бойынша «Қала» секциясы, «Еркін номинация» тақырыбында презентация жолданып, нәтижесінде қатысушылар жұмысы әділ сараланып, үздіктердің есімі анықталды. Байқауға ұсынылған презентацияда балалар кітапханасының тыныс-тіршілігі, жұмыс жүйесі мен алдағы жоспары, сонымен қатар, кітапхананың ішкі және сыртқы көріністері көрсетілген болатын.

Жалпы «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ-сі 2009 жылдан бері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры – 408 565 дана.

Электронды каталог құру және кітапхана үрдістерін автоматтандыру мақсатында 2011 жылы РАБИС кітапханалық бағдарлама орнатылып, нәтижесінде кітапхана жұмысы ілгерілей түсті. Сонымен қатар, 2019 жылы Нұр Отан партиясының бастамасымен «Коворкинг» білім орталығы ашылып, заманауи үлгідегі кітапханалар жүйесімен сапалы жұмыстар жүргізілуде.

Сапалы дүниемен жабдықталған, білікті мамандармен қамтылған кітапханалар жүйесінде үздіктердің шығуы заңдылық деп білеміз. Алдағы уақыттарда бұдан биік белестерді бағындырады деген сеніміміз мол.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент: «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы өтті

Next Post

Шымкент әкімі шахмат ойынының жеңімпаздарын марапаттады.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі