13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында мектеп түлектері көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

25 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында мектеп түлектері көпбалалы отбасыға баспана сыйлады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түлкібас ауданының орталығындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің 20 жыл бұрынғы түлектері тұрғын үйге қол жеткізе алмай жүрген көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі баспана сыйлады. Мектеп түлектері үйді көпбалалы Дүйсенбековтер отбасына табыстады. Отағасының мүгедектігі бар отбасы 13 жыл жалдамалы пәтерде тұрып келген. Мектеп қабырғасындағы өткен «Соңғы қоңырау» шарасынан кейін түлектер тосын сый жасап, кілтті отбасыға табыстады.

Баспана заман талабына сай жөндеуден өткен. Электр жарығы мен су және газын да қосып, ішін қажетті жиһазбен де қамтыған. Осы уақытқа дейін аудан әкімдігінің қамқорлығында болып келген отбасыға алдағы уақытта жомарт жандар мен мемлекет тарапынан басқа да көмектер көрсетілмек.

Бұдан өзге, аудандағы Қарағашты ауылында Дауан жалпы орта мектебінің дәл осындай 20 жыл бұрын бітірген түлектері төрт бірдей мүмкіндігі шектеулі жандары бар Тәжібаевтар отбасының құлап қалған үйін қайта тұрғызып, баспанасын жаңартып берген. Сондай-ақ, аталған мектептің түлектері Қарағашты ауылының орталық мешітінің жылу жүйесін жүргізіп, кілемдерін жаңартып берген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Арыстық спортшылар Ыстамбұлдағы әлем біріншілігіне қатысады

Next Post

Ақтоты Райымқұлова Димаш Құдайбергенге Президенттің құттықтау хатын табыстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі