13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардаралық ардагерлер жаңарған Түркістанды тамашалады

25 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шардаралық ардагерлер жаңарған  Түркістанды тамашалады
Share on FacebookShare on Twitter

Әр түрлі салада қызмет еткен 30-дан астам шардаралық ардагер түрленген Түркістан қаласын тамашалады. Қариялар ең алғашқы зияратын  Арыстанбаб кесенесінен бастап, Отырар қалашығын, Керуен сарай, Ясауи кесенесін, Фараб кітапханасын, Алатау медиа орталығын, облыс әкімдігін, Конгресс холл және басқа да Түркістан шаһарынан жаңадан бой көтерген нысандарды аралады.

Сан ғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесінің өткені мен бүгіні туралы шежіре шертетін көрмеге қатысты. Түрленіп, түлеген Түркістан қаласының бүгінгі келбетін таңдана да тамсана тамашалап, саяхаттан рухани серпіліп қайтты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Еліңді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» – деп атап көрсеткен болатын. Елдің болашағы үшін барын салып аянбай еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіп, оларды ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың борышы.

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, барлық аудан, қала ардагерлері арнайы ұйымдастырылған сапар аясында жаңарған Түркістанды тамашалауда. Жаңарған Түркістанға қонақ болып келетін ардагерлер — аймақтың, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан білім, мәдениет, ғылым, өндіріс және және басқа да түрлі салаларда жетекшілік еткен білікті ақсақалдар. Оларды карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, Түркістанға алып келіп, қаланы аралатуға аудан, қала басшылары жауапты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысы
Previous Post

Түлкібас ауданында алғашқы рет соя егілді

Next Post

«Шымкент жастар лигасы» жобасының жеңімпаздары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі