13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте балалар мерекесіне орай бес іс-шара өтеді

22 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте балалар мерекесіне орай бес іс-шара өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының балалардың құқығын қорғау мәселесі жөніндегі орынбасары Ақмарал Жүнісова және Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен брифинг өтті.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өңірлерде білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері қызмет атқарады. Өткен жылдан бастап осы департаменттің функциясына балалар құқықтарын қорғау мәселесі жүктелген. Бұл жайында Ақмарал Мырзабекқызы жан-жақты жеткізді.

– Балалардың құқықтарын қорғау мәселесі – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі және ҚР бала құқықтары жөніндегі Уәкілімен тығыз байланыста жүргізіледі. Бұл ретте «Сенім телефоны» мен жауапты маманның байланыс телефоны Департаменттің facebook, instagram парақшалары және ресми сайтында орналастырылған. Ал Министрлік ата-аналар арасында жедел түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Телеграмм мессенджер каналында «Бала қорғау» жедел көмек беру чатын ұйымдастырды. Бұл чатқа Шымкент қаласынан мыңнан аса ата-ана тіркелді. Аталған чатқа 100-ге жуық ата-ана жүгініп, «Сенім телефонына» 30-ға жуық ата-ана хабарласты. Ал өзімнің жеке қабылдауыма 23 ата-ана және 8 колледж бен 4 ЖОО-ның студенті келді. Осы орайда Департаменттің тікелей араласуымен көп балалы аз қамтылған 12 отбасының балаларын қашықтан оқытумен қамтамасыз ету мәселелері оң шешімдерін тапты, – деді орынбасар.

Сондай-ақ, Департамент мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен бірлесіп, балалардың құқықтарын қорғау, бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығына қатысты іс-қимыл және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмыстарын атқарады. Бұл ретте өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында «REFRAME» тұлғаны дамыту орталығының білікті мамандарын тартып, үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын үйлестірілген. Оған қоса, пандемия кезінде қала бойынша туа біткен жұлын грыжасына (Spina Bifida диагнозы) шалдыққан 8 балаға еліміздегі бала құқығы бойынша уәкілі Аружан Саинның кайырымдылық көмегімен бөлінген урологиялық Нелатон катетері Департаменттің тікелей араласуымен екі реттен таратылған.

Брифинг барысында Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне тоқталды.

– Балалар мерекесіне орай іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Атап айтсақ, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында бөбектер үйінің 30 баласының тұсау кесерін өткізу, Зообақта 2 500 балаға тегін балмұздақ тарату, қала абыройының асқақтауына үлес қосқан жеңімпаз оқушылардың қатысуымен Дендрологиялық саябақта пикник форматында іс-шара ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін «Понтос» мейрамханасында мерекелік дастарқан жайылып, тегін балмұздақтар мен ойыншықтар таратылады. Ал мерекелік кештің соңы Шымкент жастар Лигасының футбол ойындарының финалымен жалғасып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен қорытындыланады, – деді Жанат Арыстанбекқызы.

Айта кетейік, марапаттау рәсімі өтетін «Қажымұқан» стадионы 17 мың адамды қамтиды. Бұл ретте санитарлық талаптарды сақтай отырып, марапаттау кешіне 2 000 адам қатыса алады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте жалғыз басты қарттарға ай сайын әлеуметтік көмек беріледі

Next Post

Созақ ауданында өңірлік өнім көлемі 102 млрд теңгеден асқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі