13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскерилер гарнизон бастығының кубогын сарапқа салды

21 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскерилер гарнизон бастығының кубогын сарапқа салды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонындағы әскери бөлімдер мен мекемелер арасында футболдан және үстел теннисінен гарнизон бастығының кубогына чемпионат өтуде. Байрақты бәсекеде 12 команда немесе 156 әскери қызметші бақ сынады.

Спорттық іс-шара гарнизондағы әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын ұстану, спортпен тұрақты айналысуға шақыру және шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді.

Сайыс қорытындысы бойынша, футболдан гарнизон чемпионы атағын механикаландырылған бригада командасы ұтып алып, 2 жыл бойы Шымкент қаласындағы авиа базада тұрған гарнизон бастығының ауыспалы кубогымен қоржындарын толтырды.

Ал, үстел теннисінен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бригадасының әскери қызметшілері алдыңғы шептен көрінсе, үздік үштікті әскери полиция қызметкерлері тұйықтады.

— Шымкент гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелері өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарып, халықаралық әскери сайыстарда еліміздің көк Туын биіктерде желбіретуде. Оған өздеріңіз жыл сайын, куә болып жүрсіздер. Сондықтан әрбір әскери қызметшінің борышы – әскери істе қажетті өнерді үйрену, – деді гарнизонның бастығы подполковник Нұркен Қарағұлов.

Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзкубокспортШымкент гарнизоныәскерилер
Previous Post

Шымкенттегі әскери - техникалық мектепті 6000-нан астам шәкірт тәмамдаған

Next Post

Шымкентте 120 сарбаз әскери ант қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі