13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі мектеп құрылысымен танысты

20 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі мектеп құрылысымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 жалпы орта мектептің қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылыс алаңына барды.

Құрылыстың сапасына баса назар аударған қала басшысы мектеп құрылысын бір жылдан кейін күрделі жөндеу жүргізуге тура келмейтіндей етіп салуды және онда балалар өздерін қауіпсіз және жайлы сезінуі тиіс екенін атап өтті.

Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылы басталған. Жер телімінің жалпы ауданы – 4,88 га. Жоба құны – 934 734,8 мың теңге. Жауапты мердігер мекеме – «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС. Жеке серіктестік өкілі нысан құрысылын биыл, яғни, 2021 жылы шілде айында аяқтауды жоспарлап отыр. Қазір оқу орнында ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары 80 пайызға, ішкі инженерлік желілерді тарту жұмыстары 90 пайызға және аумақты абаттандыру жұмыстары 50 пайызға орындалған.

Аталған мектептің 926 орынға арналған ғимаратында даярлық тобын қоса алғанда 2116 бала білім алуда. 300 орындық қосымша құрылыс пайдалануға тапсырылса мәселе толығымен шешіледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкенттік жүргізушілер екі автоматтандырылған автодромда емтихан тапсыра алады

Next Post

Бадам тұрғын алабындағы 100 отбасы жақын күндері сапалы ауыз суға қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі