13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласында жер кезегінде тұрған азаматтардың мәселесі шешілуде

20 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан қаласында жер кезегінде тұрған азаматтардың мәселесі шешілуде
Share on FacebookShare on Twitter

«Жер қатынастары» бөлімінің тікелей эфирде өткен тоқсандық есеп беру барысында айтылған Нариман Қасымбековтың баяндамасына сәйкес, Түркістан қаласының жер кезегінде 34 886 азамат кезекте тұр. Қазіргі таңда бөлімде кезектілік базасы енгізіліп, оның ішінде 1600 азаматтың аты-жөндері қайталанып, қайтыс болған және өтініш білдірген азаматтардың мүлкі бар болуына байланысты комиссия құрылып, кезектілік базасынан алып тастау жұмыстары ұйымдастырылуда. Одан өзге, жер учаскелерін дайындау бойынша Кентау тас жолы бойында 1400-ге жуық бос жер телімдері анықталып, олардың құжаттары нақтыланып, қаулысы қайтарылатын жағдайда мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

2021 жылдың 5 айында «Жер қатынастары бөлімімен» 3021 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мекемеге қатысты бірнеше көрсетілетін қызметтер бір терезе қағидаты бойынша қала әкімдігінің жанынан құрылған Халықтық кеңсе арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл 5 ай ішінде 18 жер комиссиясының отырысы өтіп, жалпы 758 құжат қаралып үлгерген. Ал қабылданған жер қаулылары саны 1094-ті құраған.

Түркістан қаласы тарихында бірінші рет облыс орталығының бүкіл аумағын инвентаризациялау жұмыстары атқарылуда. Инвентаризация барысында қала аумағында 1000-ға жуық пайдаланусыз жатқан бос жерлер және заңсыз иемденген аймақтар анықталған. Анықталған бос жер телімдері Түркістан қаласы бойынша жер кезегіне тұрған азаматтарға берілу мақсатында қажетті құжаттамалық жұмыстар атқарылуда.

Инфрақұрылым жүйелері іске қосылмаған аумақтарда жер телімін беру заңсыз болуына байланысты «Яссы» ауылдық округінің жер телімдеріне де қаулының шығарылуы заңға қайшы болып табылады. Осыған ұқсас мәселелердің туындамауы мен тұрғындардың келеңсіз жағдайға ұшырамауын болдырмау және тек заңға сәйкес жұмыс атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдан бастап жер телімдерінің берілуі тоқтатылған болатын.

 

Tags: Туркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Созақтық студенттер ХІ жазғы универсиада ойындарының жеңімпазы атанды

Next Post

Шымкенттік жүргізушілер екі автоматтандырылған автодромда емтихан тапсыра алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі