13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында егістік жерлерді жеңілдікпен қаржыландыруға 1 млрд. теңге бағытталды

20 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында егістік жерлерді жеңілдікпен қаржыландыруға 1 млрд. теңге бағытталды
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Кең Дала» бағдарламасы аясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы ЖШС арқылы 3 ай ішінде 27 717 га егістік алаңымен жалпы сомасы 1 млрд. теңгеге 21 жоба қаржыландырылды. Осылайша, аталған бағдарлама бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бөлінген қаражат толық игерілді.

Жалпы, қаржыландыру Түркістан облысының 8 қаласы мен ауданына бағытталды. Қаражат бидай, жүгері, көкөніс, бақша, мақта және майлы дақылдарды өсіріп, дамытуға арналады. Айта кету керек, «Кең Дала» бағдарламасы көктемгі егін және жинау жұмыстарын жүргізу үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыруды қарастырады.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері 2021 жылғы көктемгі егін және жинау жұмыстарына тиімді төмендетілген мөлшерлемемен (5%) несие ресімдеуге мүмкіндік алады. Бағдарлама аясында кепілдікті қамтамасыз ету бойынша қатаң талаптар жоқ. Сондай-ақ шаруаларға жылдық маусымдылықты ескере отырып (15.11.2021 жылға дейінгі мерзімге), қарыздарды өтеу бойынша неғұрлым икемді шарттар беріледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түлкібаста 80-ге жуық мал бордақылау алаңы жұмыс істейді

Next Post

Түлкібастық ардагерлер түрленген түркістанға келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі