13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімдігі ғимаратының сатылуы бойынша Рашид Абатұлының мәлімдемесі

20 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Қала әкімдігі ғимаратының сатылуы бойынша Рашид Абатұлының мәлімдемесі
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы әкімдігі ғимаратының сатылуы бойынша қала әкімі Рашид Абатұлы (@the_rashid_ayupov) тікелей эфирге шығып, мәлімдеме жасады.
Тікелей эфирдегі шаһар басшысыың мәлімдемесі назарларыңызға:

Рашид Аюпов: «Біріншіден, қаланың бұрынғы әкімдігі бойынша расында да қалада саммит кезінде қонақ үйлерді көбейту бойынша мәселелер туындаған. Осы бойынша жанындағы «Евразия» қонақ үйіне және басқа жерлерге де ұсынған болатынбыз. «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жасалынады деген ой да болған. Бірақ, шешім өзгеріп, аукцион арқылы сатылатын болып шешілді. Ғимараттың бағасын шығару әкімдіктің құқығы емес, арнайы мекеменің құзырында. Сол бойынша ғимараттың бағасын шығарған болатын. Оның үстіне ғимаратқа 2018 жылы 257 млн көлеміндегі жөндеу жүргізілген, сол баға бойынша қосылған және де ол ҚР Қаржы министрлігіне қарасты веб порталға енгізілген еді. Ол жердегі сатып алушы да, сатып алуға қатысушы да және де оның бағасын да қадағалайтын әкімдік емес. Жалғыз сол портал арқылы нарықтық жүйемен жасалады. Яғни, ең біріншісі ағылшын жүйесімен бағаның көтерілуі бойынша оған бірнеше адам тіркелді. Бірақ, оған ешқандай сауда болмаған. Екіншісі, бағаны төмендету бойынша. Аукцион басталған кезде біз порталда кімнің тіркелгенін көре алмаймыз. Сол кісі төмендету кнопкасын басу арқылы сатып алды. Бірақ, қосымша айтып кету керек, ұсынылған бағадан бір тиын да төмен түскен жоқ. Сондықтан да Прокуратураның айтқанына біз келіспейміз, сол себепті бірінші келісім шартты бұзу туралы шешім шыққанымен, біз ары қарай апелляциялық сотқа шағым жаздық. Біз ары қарай да соттасатын боламыз. Өйткені, бір қызығушы адам алмады деп сатып алушының артынан қудалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын», — деген ойын білдірді.

Сонымен қатар, шаhар басшысы ертеректегі сұқбатында қазіргі Түркістан қаласы әкімдігі ғимаратының музейдің ғимараты емес, құрылған кезден бастап әкімдіктің ғимараты болып келгенін айтқан болатын. Музей ғимараттың ішінде біраз уақыт орналасқанымен, бұл әкімдіктің ғимараты болып келгенін, сондықтан да осында орналасу шешімі қабылданғанын мәлім еткен еді: «Бөлімдердің жақсы отырғаны керек пе, әлде бізге Түркістанның дамығаны керек пе?! Неге мына жерде ағаш отырғызылды деп те айтуға болады. Неге мына жерге  газон отырғыздың деп сұрақ қоюға да болады.  Бірақ ол да қажет нәрсе. Қазір қалалық бөлімдер ғана емес, басқа да көптеген органдар өз ғимараттарында отырған жоқ», — деген болатын.

Айта кетейік, Түркістан қаласы, Есім хан алаңы №3 мекенжайда орналасқан, 1970 жылы салынған, жалпы алаңы 2554,7 шаршы метрді құрайтын Түркістан қаласы әкімдігінің бұрынғы төрт қабатты ғимаратына 2018 жылы 257 125 180,0 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Түркістан облысы әкімінің 2019 жылғы хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, ғимаратты заманауи қонақ үй ретінде пайдалану және Түркістан қаласына келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ үй жобасы ретінде жұмыс жүргізу тапсырылған болатын. Осы мақсатта, әкімдік ғимараты электрондық сауда саттыққа қойылды. Заң аясында, алдымен бағаны көтеру әдісі бойынша іске асты. Дегенмен, бұл әдіске өтінім ешкім білдірмеді. Сондықтан, бағаны түсіру әдісі бойынша аукцион өтті. Жалпы, қалалық әкімдіктің ғимаратын салу жоспарда жоқ. Қазіргі уақытта ғимарат ішін шыны кабинеттерге көшіру жұмыстары жүруде.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қала әкімі «Бозарық» қосалқы станциясының құрылыс барысымен танысты

Next Post

Түлкібаста 80-ге жуық мал бордақылау алаңы жұмыс істейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі