13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі Тұран шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары жүргізілуде

19 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі Тұран шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары жүргізілуде
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Тұран шағын аудан тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңнен тұратын жұмыстар жүргізілуде.Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.

Бірінші кезең бойынша 10 кВ магистралдық электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде электр тарату бекеттерінің құрылысына бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Жалпы жоба құны 2,3 млрд. теңгені құрайды. Ал, 2-кезең 0,4 кВ ішкі электр желілерінің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылады.

Құрылыс жұмыстарын «Әсем Құрылыс» ЖШС-гі жүргізеді. Нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, 2022 жылдың III тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, Тұран шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлер жаңадан салынған желілерге қосылып, электр қуаты тұрақты түрде берілетін болады.

Сондай-ақ, Тұран мөлтек ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы мердігер мекеме «Үшсай»ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 75 % аяқталған. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қазан айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз су берілетін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТұран шағын ауданы
Previous Post

Шымкент әкімі АГРС-3 нысанының құрылыс барысын бақылады

Next Post

Шымкентте отбасылық жұп қайтарымсыз грант арқасында өз кәсібін ашты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі