13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Республикалық олимпиада жүлдегерлері марапатталды

19 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Республикалық олимпиада жүлдегерлері марапатталды
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Ел аумағында бір мезетте ұйымдастырылған марапаттау рәсіміне zoom бағдарламасы арқылы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы қатысып, дарынды оқушыларды құттықтады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында өткен жиынға арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сөз алып, дарынды жастарға сәттілік тіледі.

— Бүгін біз қала мектептерін республика көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де дарынды, өнерлі де талантты шәкірттерімізді мақтан ете отырып марапаттау үшін жиналып отырмыз. Атап айтар болсақ, 2021 жылғы өткен республикалық олимпиадада Шымкент қаласының 31 шәкірті жүлделі орындарға ие болды. Қаламызда 6 мектеп еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарына енуде. Бұл біздің оқушыларымыздың жеңіс тұғырынан көріне білуі. Дарынды жас елдің болашағы, баға жетпес қазынасы. Болашақта егеменді еліміздің тарихын арқалап, болашағын айқындайтын дарынды жастар мына сіздер. Сіздердің қаламыздың абыройын асқақтатып, қаламызға қосқан үлестеріңізбен мақтанамыз! — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Марапаттау рәсіміне арналған жиында қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева, М. Әуезов атындағы ОҚУ КеАҚ басқарма төраға-ректоры Дария Қожамжарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, қалалық Дарын орталығының директоры Раушан Джеренова

білім бәйгесінде оза шапқан шымкенттік өрендерге сәттілік тіледі.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізілді. Онда үшінші мегаполистің намысын қорғап, қала атынан 100 оқушы сайыста бақ сынады. Нәтижесінде қатысушылардың 31-і жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде, 2 алтын, 11 күміс, 18 қола медаль бар.

Сондай-ақ, аталған республикалық олимпиаданың нәтижелері бойынша үшінші мегаполистің бес мектебі Қазақстанның 100 үздік мектептебіне енді. Атап айтсақ, Шымкент “Білім-Инновация” ер балалар лицей-интернаты,

химия-биология және физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері, Абай атындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп гимназиясы , М.Х. ДУЛАТИ атындағы №8 мектеп гимназиясы топ жарып, үздік атанды.

Білім додасы пандемия жағдайын ескере отырып, «бір оқушы — бір компьютер — бір камера» қағидасы бойынша ұйымдастырылды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент: Сайрам тұрғын алабында инсульт орталығы ашылды

Next Post

Шымкентте мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі