13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі «Жаңаталап» тұрғын алабының ауыз су жүйелерінің құрылысымен танысты

18 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі «Жаңаталап» тұрғын алабының ауыз су жүйелерінің құрылысымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы бірқатар тұрғын алаптардың инфрақұрылым жүйелерінің және жеке кәсіпкерлік нысандарының құрылыс барысымен танысты. Шаһар басшысы алдымен «Жаңаталап» тұрғын алабындағы ауызсу жүйесі құрылысының барысын бақылады.

Жаңаталап елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Мердігер мекеме «СМК и Ж-7» ЖШС қазіргі уақытта жұмыстың 70 %-н аяқтады.

Ұзындығы 86,1 шақырым ауыз су құбырының құрылысы тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде, Жаңаталап елдімекеніндегі 5196 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Айта кетейік сондай-ақ Сайрамсу өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары аяқталды.

2020 жылдың 9 сәуірінде Шымкент қаласы әкімінің шешімімен Сайрам және Базарқақпа тұрғын алаптарында Сайрамсу өзенінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді. Сайрамсу өзенінің жағалауын су шайып кету салдарын шектеу және жою қажеттілігіне байланысты осындай шешім қабылданған.

Қала әкімдігінің төтенше резервінен Сайрамсу өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына қаржы қарастырылды. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгінде жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды.

Сайрамсу өзенінде қауіптің болмауына байланысты қала әкімі аппаратымен жарияланған төтенше жағдайды жабу туралы шешім дайындалдып, ҚР Әділет министрлігіне жолданды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте шомылу маусымына дайындық жұмыстары басталды

Next Post

Әл-Фараби ауданында ағаш түптері әктеліп, гүл көшеттері отырғызылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі