13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында карантин талаптары жеңілдетілді

18 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында карантин талаптары жеңілдетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында бұған дейін жұмыс уақыттарына шектеу қойылған гипермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер, моншалар, ашық ауадағы аттракциондар, бизнес-орталықтар мен қызмет көрсету саласындағы нысандар қалыпты жағдайда жұмыс істейтін болады. Бұл туралы брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді.

Сондай-ақ оның айтуынша, бұған дейін тыйым салынған балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Ойын алаңдары мен жабық үй жайлардағы аттракциондар 30%-ға толтырыла отырып, сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

«Бильярд, боулинг және компьютерлік клубтар да 30%-ға толтырыла отырып жұмыс істей бастайды. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс істеу уақыты 22:00 ден 24:00-ге дейін ұзартылды. Мейрамханалардың банкет залдарында ас беруге рұқсат етілді. Дегенмен толтырылуы — 50%-ға дейін, 50 орындықтан аспау қажет. Сонымен қатар, кітапханалар мен мұражайлардың қызметі, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялардың қызметі бұған дейін толымдылығы 20%-ға дейін болса, жаңа Қаулыға сәйкес толымдылығы 30% болады. Ал фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін ұзартылды», — деді Асқар Бекболатұлы.

Жиынға қатысқан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова өңірдегі эпидемиялық ахуалға тоқталды.

«Түркістан облысында пандемия басталғалы бері «COVID-19» індетімен тіркелген жағдайлар саны бүгінгі таңға 5 956 құрап отыр. Жазылып шыққандар саны – 5 503, қайтыс болғандар– 52. Соңғы тәулікте 17 адам КВИ аурушаңдықпен тіркелген. Қазіргі таңда 598 адам коронавирустық инфекциясымен емделуде, оның ішінде 508-і инфекциялық стационарда, ал 90-ы карантиндік стационарда және 319 адам үй карантинінде бақылауда. Түркістан облысына ақпан айынан бастап жалпы 180 100 доза вакцина жеткізілген. Бүгінгі күнге дейін – 178 379 адам 1-ші компонентпен вакцина қабылдады. Сонымен қатар, 22 ақпаннан бастап ревакцинация өткізіліп, барлығы 43 083 адамға салынды», — деді Алтын Мейрамбайқызы.

Брифингке қатысқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра АмироваТүркістан облысында 150-ден аса кәсіпкер «Ashyq» жобасы арқылы жұмыс істеп жатқандығын жеткізді.

«Түркістан облысында «Ashyq» жобасына қатысуға өтінім берген кәсіпкерлердің саны күн сайын артып келеді. 18 мамырдағы жағдай бойынша Түркістан облысының кәсіпкерлерінен 223 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 155 нысан QR код алып жұмыс істеуде. Ал қалған өтінімдер бойынша тиісті рұқсат құжаттарын тексеру жұмыстары жүргізіліп, QR код алу үшін жолдануда», — деді ол.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзCOVID-19
Previous Post

Түркістан облысында 2 мыңнан астам оқушы «Алтын белгіге» үміткер

Next Post

Шымкентте шомылу маусымына дайындық жұмыстары басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі