13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру курстары жүргізілуде

18 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру курстары жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының бас маманы Жанар Ақылбаева мәлім етті.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының «Халыққа базалық цифрлық дағдыларды оқыту курстарын өткізу, кадрларды даярлау» 88-тармағын орындау шеңбері бойынша ағымдағы жылдың халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 81,5 %-ға жеткізу жоспарлы индикатор болып белгіленген.

Аталған көрсеткішті орындау үшін 12 мың қала тұрғынын оқыту наурыз айынан бастап қазан айының соңына дейін жалғасатын болады.

Оқу негізгі 5 бағытты қамтиды. Олар:

  1. «Электрондық қызметтер»;
  2. «E-Commerce»;
  3. «Базалық дағдылар»;
  4. «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері»;
  5. «Ашық үкімет» порталы.

Жоғарыда аталғандар негізінде, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, азаматтарды қашықтан оқыту мақсатында https://shymkent-online.kz/digital сайты құрылған. Бүгінгі таңда 1492 (оның ішінде 118 халықтың әлеуметтік осал топтағы, жұмыссыз жүрген азаматтар, зейнеткер жасына дейінгі және мүмкіндігі шектеулі тұлғалар) қала тұрғыны оқытылып, олардың цифрлық сауаттылықтары арттырылғанын хабарлайды.

Сонымен қатар, осы курстың ішінде Қазақстанда алғаш рет сурдоаудармасы бар білім беретін қосымшасы іске қосылып, қазіргі таңда қазақ, орыс тілдері бойынша оқыту курстары жүргізілуде. Аталған оқуды аяқтағаннан кейін әрбір білім алушыға арнайы сертификат беріледі.

Оқудың басты мақсаты – тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, цифрлық заманда электрондық қызметтерді үйден шықпай-ақ, өз бетінше алуға көмектесу.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзE-CommerceАшық үкімет
Previous Post

Шымкентте өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Түркістан қаласында екі жылда 1 мыңға жуық азамат баспанамен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі