13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Асар-2 шағынауданы жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтылады

18 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Асар-2 шағынауданы жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б. Булатбеков Асар-2 шағынауданында инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады.

Асар-2 шағынауданында ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Қазіргі уақытта жұмыстың 60 пайызы аяқталған. Ұзындығы 156,1 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының құрылысы 2021 жылдың қазан айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде Асар-2 шағын ауданындағы 2 723 абонент таза сумен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, Асар-2 шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 92,2 % аяқталған. Жоспар бойынша құрылысты ағымдағы жылдың қараша айына дейін аяқтап, 2771 тұрғын үйді газбен қамтамасыз ету көзделуде.

Аталған елдімекенді сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2019 жылы бюджеттен қаржы қаралып, мердігер мекеме «Ремстрой Алматы» АҚ анықталған.

Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданындағы ішкі электр желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қосуға дайын. Алайда қосылатын көзі 110 кВ «1-М-1» қосалқы станциясының және 220 кв «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Қосалқы станцияның құрылысы шілде айында аяқталатын болады.

Аталған екі нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін жаңа желілерге электр қуаты беріледі. Нәтижесінде 2765 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзАсар-2 шағынауданы
Previous Post

Шымкенттіктерге жаңа тұрғылықты жері бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

Next Post

Шымкентте өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі