13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік кәсіпкер «Даму» қорының қолдауымен балық ыстау цехын ашты

17 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік кәсіпкер «Даму» қорының қолдауымен балық ыстау цехын ашты
Share on FacebookShare on Twitter

Олжас Нахипов балық ыстау нарығында 2008 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бұл кәсіпті алдымен сырт елдерден әкелінетін теңіз өнімдерін сатудан бастады. Осылайша нарықты, технологияны зерттеп, өзі шағын балық ыстайтын цех ашуға бел буады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Біз әртүрлі шетелдік компаниялардың дайын өнімдерін сатттық. Өнімді сырттан әкелгеннен гөрі осы жерде дайындаған дұрыс екенін ұқтым. Сол кезде өнімнің де дәмі бұзылмайды. Оның үстіне адамдар денсаулыққа пайдалы асты тұтынғысы келеді. Тұтыну нарығын зерттей келе, өзіміздің балықты өңдеу және ыстау цехын ашатын болып шештік, – дейді Олжас.

Алғашқы өнім Шымкент қаласы «Теңіз» ірі көтерме-бөлшек дүкені арқылы сынақтан сәтті өтті. Цехта дәстүрлі табиғи ыстау тәсілі қолданылады. Аздап тұздалған және ысталған арқан балық, алабалық, аздап тұздатылған майшабақ, скумбрия, ыстық және салқын ысталған теңіз және тұзды су балықтары, тыран және бақтақ, тағы басқа өнім түрлері бар.

Ысталған балықтардың маусымы наурыздың аяғынан бастап желтоқсанға дейін жалғасады.

Жеке кәсіпкер алғашында жылыжай кешенін іске қосуды жоспарлаған. Алайда «Даму» Қорының менеджерлерінің кеңестеріне жүгініп, цехты ұлғайтуға шешім қабылдады.

Балық ыстайтын өндіріс үшін «Даму» Қоры несие пайызының біршама бөлігін субсидиялады. «Даму» Қоры жобаны кепілдік бойынша 5 жұмыс күні ішінде мақұлдады. Мүлік жетіспеген жағдайда қор өзінің несие сомасынан 50 % дейінгі кепілдігін берді.

«Forte Bank» АҚ филиалы клиенттің өтінішін бар болғаны 10 жұмыс күні ішінде қарастырып, несие берді.

Бүгінде цехта айына 6-7 тоннаға дейін балықтар өңделеді. 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Балық жеткізу және дайын өнімді өткізу үрдісі ретке келтірілген. Шикізатты негізгі жеткізушілер – жергілікті және сонымен бірге ресейлік компаниялар. Дайын өнімдер ірі супермаркеттер мен өңір базарларында сатылуда.

 

Previous Post

Түркістан облысында жайылымдарды ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасуда

Next Post

Шымкентте 37 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі