13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте туристік автобустарға арналған тұрақтар пайда болды

17 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте туристік автобустарға арналған тұрақтар пайда болды
Share on FacebookShare on Twitter

Қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту бойынша жасалып жатқан кешенді жұмыстар шеңберінде Шымкент қаласының әкімдігі туристік автобустарға арналған тұрақтар ұйымдастырды. Пилоттық жобаны қалалық Туризм басқармасы,  Шымкент қаласы Полиция департаменті мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірлесе жүзеге асырды.

«Bus Stop» — туристік автобустарға арналған тұрақ қала  тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды деген орындарда ашылуда. Алғашқы нүкте қаланың орталық бөлігі Әл-Фараби алаңында орналасқан. Мұнда келген туристер «Арбат» алаңы, “Shymkent Plaza” орталығымен таныса алады. Алдағы уақытта Бәйдібек би ескерткіші, Шымкент-Цирк, Наурыз алаңы, Дендросаябақ және  Ордабасы алаңында да арнайы тұрақтар пайдалануға беріледі.

«Енді қаламызға келген туристер рухани-мәдени орталық аумағында орналасқан автотұрақтарды таппай қиналмайды. Мұндай инфрақұрылымның қажеттілігі туралы қала туроператорлары көптен бері көтеріп келген болатын. Қаланы туристер үшін жайлы ету мақсатындағы жұмыстар жалғасады»-  дейді туризм басқармасының басшысы Олжас Шинтаев.

 

Previous Post

Кентауда көпқабатты тұрғын үйлер жаңартылуда

Next Post

Шымкент: Қонаев даңғылындағы жол құрылысының ІІ кезеңі басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі