13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» жобасы басталды

17 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» жобасы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» жобасын іске қосуда. Қазақстандықтарға жеке өмір тарихы, сезімдері мен естеліктері тұрғысынан Тәуелсіздікке үңілу ұсынылады.
Жоба аясында еліміздің тұрғындары тәуелсіз мемлекетте тұрудың мәні жайында өз пікірлерімен бөліседі. Қазақстандықтар қазіргі егеменді дәуірдің арқасында жеткен жетістіктері туралы жеке өмір тарихтарын айта алады.
«Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең басты құндылығы. Жаңа ғасыр бастауында біз ата-бабаларымыздың тәуелсіздік туралы ғасырлық арманын орындадық. Сол кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз халқы үшін тарихи ерлік жасады. Қазақстандықтар үшін 30 жыл — жай ғана мерекелік күн емес, бұл – табыстың, рух пен болашаққа деген ұмтылыстың белгісі», — деп атап өтті Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
Аида Балаева барлық қазақстандықтарды ауқымды онлайн жобаға қатысуға шақырды.
Жоба қатысушылары тәуелсіз Қазақстанның азаматы болу нені білдіретінін айтып бере алады. Олар өздерінің жеке жетістіктері мен жеңістерімен бөлісіп, өз елі үшін отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін сезінген сәттерді еске түсіре алады.
Жобаға қатысу үшін өз әңгімеңізді әлеуметтік желілердегі жеке аккаунтыңызда #Qazaqstan30 хэштегімен ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнежазба форматында жариялау қажет. Сондай-ақ бейне әңгімені ҚР АҚДМ жобалық кеңсесінің info@30jyl.kz электрондық мекенжайына жіберуге болады.
Ең әсерлі әрі ерекше оқиғалар, естеліктер республика телеарналарының эфирінде көрсетіліп, БАҚ-та жарияланады.
Жобаның барысы 30jyl.kz – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сайтта қадағаланатын болады.

Tags: Тәуелсіздіктің мен үшін маңызыҚазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы
Previous Post

Лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Next Post

Түркістандық түлектер тағы бір жанұяға баспана салып берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі