13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда ХІ жазғы универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтті

16 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда ХІ жазғы универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Түркістан — түркі әлемінің рухани астанасы» атануы және ХҚТУ-ің 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының ХІ жазғы Универсиада ойындары басталды. Түркістан қаласында өткен Универсиаданың ашылу салтанатында ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Тастанбек Есентаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөз сөйлеп, дүбірлі додаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Универсиаданың ашылуына орай құттықтауын жолдады.

«Қымбатты жас достар, Универсиада қатысушылары! Сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Республикасының XI жазғы Универсиадасының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Спорттық сайыстар — бойға қуат, жүрекке сенім, білекке күш беретін рухты әлем. Сол себепті студенттердің спорт мерекесі жаңарған Түркістан өңіріне тарту болды деп есептейміз! Қадірлі спортсүйер жас достар, сіздерді елімізге, тіпті әлемге танымал дарабоз спорт саңлақтарының қатарынан көргім келеді. Баршаңызға спортта ғана емес, оқуда да еліміздің игілігіне бағытталған табыстар мен жоғары жетістіктер тілеймін!» делінген құттықтауда.

ХІ жазғы Универсиада — 30 спорт түрінен 37 жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен мықтыларды біріктірген ауқымды спорттық-бұқаралық жоба. Еліміздің 25 университеттің студенттері өзара сайысқа түсті.Универсиада аясындағы жарыстар Нұр-сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскеменде өтуде. Шара барысында барлық карантин талаптары сақталады. Спортшылар ПТР тестінен кейін жарысқа жіберіледі. Универсиаданың мақсаты  – өскелең ұрпаққа сапалы білім беру бағытында ақыл ойы зерек, дүниетанымы кең, салауатты ұрпақ қалыптастыру. Универсиада маусым айына дейін жалғасады. Жеңімпаздар 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға Қазақстан Республикасы студенттер құрама командасы сапында қатысып, ел намысын қорғайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкент әкімі «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасын бақылады

Next Post

Лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі