13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда ХІ жазғы универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді

15 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда ХІ жазғы универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында 15 мамыр күні «Түркістан-Арена» стадионында XI-ші жазғы Универсиаданың ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. Айтулы шара ел Тәуелсіздігінің және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, «Түркістан — түркі әлемінің рухани астанасы» атанып, аталған спорттық шара облыс орталығында алғаш рет өтуде. Бұл туралы брифингте Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова мәлімдеді.

«ХІ жазғы Универсиада — спорттың 30 түрінен еліміздің әр түкпірінен мықтыларды біріктірген ауқымды спорттық-бұқаралық жоба. Универсиада аясындағы жарыстар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскемен қалаларында өтіп жатыр. Қазіргі таңда 20 университеттің студенттері өзара сайысқа түсуде. Айта кететін жайт, Түркістан қаласындағы XI-ші жазғы Универсиаданың ресми ашылу салтанатында еліміздің 20 жоғары оқу орындарынан құралған арнайы шеру, сахналық көріністер, флешмоб өтетін болады. Аталған спорттық шара «Turkistan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілмек», — деді Жанар Амангелдіқызы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Тастанбек Есентаев пен Халықаралық дәрежедегі төреші, профессор Әбдісадық Халилаев жарысқа қатысып жатқан командалардың дайындығы өте жоғары екендігін атап өтті.

Универсиада ойындары кезінде барлық карантин талаптары сақталуда. Спортшылар ПЦР тест арқылы қабылданып жарыстарға жіберілуде. Биылғы жеңімпаздар 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға Қазақстан құрама командасы сапында ел намысын қорғайтын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

Previous Post

Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданының ақсақалдарымен өзекті мәселелерді талқылады

Next Post

Рысқұлов-Қонаев қиылысындағы жолайрық құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі