13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Birgemiz» қорының көмегімен Мақтаарал ауданында 32 үй тапсырылған

14 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
«Birgemiz» қорының көмегімен Мақтаарал ауданында 32 үй тапсырылған
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLI есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Оған аудан, қалалардағы делегаттар онлайн режимде қашықтықтан қатысты. Конференция жұмысын Түркістан облысының әкімі, партия филиалының төрағасы  Өмірзақ Шөкеев ашып, жүргізіп отырды.

Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев партияның аймақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы жоспарларға тоқталды. Оның айтуынша, Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының 80 мыңнан астам мүшесі, 244 бастауыш партия ұйымы бар. Өңірде партиялық жобалар жоғары деңгейде жүзеге асырылып келеді. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2019 жылы  9 мыңнан астам арыз-шағым келіп түссе, олардың 49%-ы оңтайлы шешілген. 2020 жылы 27 мыңнан астам өтініш түсіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. Бұл – халықтың партияға деген сенімін көрсетеді. Өтініштерді қарау нәтижесінде 60%-ы оңтайлы шешілген. Партия филиалы арыз-шағымды дер кезінде қадағалау, қоғаммен байланыс орнатуды жетілдіру, ақпараттық және насихаттық жұмыс көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда келеді.

«2020 жылы елімізде короновирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланды. «Біз біргеміз» акциясы аясында қиын жағдайда қалған  43540 отбасына азық-түлік себеттері берілді. Бұл бойынша Түркістан облысы республикада екінші орынға шықты. Акцияға облыс кәсіпкерлері, партия мүшелері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының қосқан үлесі зор. Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасымен құрылған «Біргеміз» республикалық қоры арқылы облыстың  38907 отбасына 50000 теңгеден  берілді. Мақтааралда аталған қордың көмегімен 32 үй тұрғындарға тапсырылды», – деген Бейсен Дәулетұлы праймеризге қатысу көрсеткіші бойынша өңір республикада бірінші орынға шыққанын, «Nur Otan» партиясының облыстық фракциясының құрамы 60%-ға жаңарғанын, орташа жасы – 47, яғни 4 жылға жасарғанын мәлімдеді.

Бұл жұмыстарды атқаруда Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия жұмысын жандандыру жөніндегі «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – «Nur Otan» партиясының  7 серпіні» бағдарламасы мен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізге алынған.

Конференцияда облыстық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы А.Тасыбаев пен облыстық мәслихат депутаты Бекарыс Шойбеков филиал жұмысының жанданғанын айтты. Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, саяси кеңес мүшесі Жеңісбек Мәуленқұлов сайлауалды бағдарламаны орындау барысында Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс қолға алынғанын, Түркістан шаһарындағы игі өзгерістерге Елбасы жоғары бағасын бергенін жеткізді.

Конференцияны қортындылаған облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев партияның облыстық филиалының соңғы екі жылда атқарған жұмыстарын оң бағалап, облыстық, аудандық және қалалық филиал төрағаларына бірқатар тапсырма берді.

«Nur Otan» – нақты істер партиясы. Еліміз бойынша жетекші партияның ықпалымен тұрғындардың талап-тілектері назарға алынып, өзекті мәселелер шешімін тапты. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – Түркістан облысының даму бағдарламасы. Сондықтан индикаторлар толық орындалуы тиіс. Сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылау мақсатында құрылған Қоғамдық кеңестердің жұмысы белсенді жүргізілсін. Тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу мақсатында көшпелі қабылдаулар, партия филиалдары басшылығының, фракция мүшелерінің, мемлекеттік орган басшыларының қоғамдық қабылдауларын жүйелі өткізуді тапсырамын.  Қазір пандемия әлем елдеріне, оның ішінде Қазақстанға да оңай тиіп жатқан жоқ. Бірақ біз еліміздегі жетекші саяси күш ретінде мемлекеттің дамуына үлес қосуымыз керек. Бұл ретте баршаңызға жауапкершілік жүктеліп отыр. Сайлауалды бағдарламаны орындау – біздің міндетіміз. Сондықтан жол картасын жанашырлықпен атқаруды талап етемін», – деді Ө.Шөкеев.

Конференция қортындысы бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланып, қаулы қабылданды.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13кзNur Otan«Birgemiz» қорыНұр ОтанТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Қытай инвесторлары Түркістан облысында екі зауыт салмақ

Next Post

Шымкент инвестициялық белсенділік бойынша бестікке кірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі