13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент еліміздегі экономикалық өсімі артқан екі аймақтың бірі

13 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент еліміздегі экономикалық өсімі артқан екі аймақтың бірі
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономиканың 7 көрсеткіші бойынша екі өңір ғана өсім көрсеткенін айтты. Оның айтуынша, экономиканың 7 көрсеткіші бойынша оң өсім Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалып отыр. Ал, 6 көрсеткіш бойынша бес өңірде өсім тіркелген екен. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары.

Министр сауда және көлік бойынша жағдай жақсарып келе жатқанын, бұл өңірлердегі іскерлік белсенділіктің артқанын айғақтайтынын баса айтты. «Сауда бойынша 13 өңірде өсім байқалады. Бұл ретте бөлшек сауда 6,2 пайызға өсіп, ішкі сұраныстың қалпына келуін көрсетеді. Атырау облысынан басқа, Маңғыстау облысы және Шымкент қаласының көлік саласы бойынша қызмет көрсету жақсарды», — деді Әсет Ерғалиев.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономикалық өсімді қалпына келтіру үшін ірі компаниялармен инвестициялық келісімдерді іске асыруға, ауыл шаруашылығы және құрылыс-монтаж жұмыстарының маусымын белсенді өткізуге және «Жұмыспен қамту жол картасы» мен «Еңбек» бағдарламалары аясында таргеттелген тұрақты жұмыс орындарын құру қажеттігін айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: Жұмыспен қамту жол картасыҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев
Previous Post

Шымкент: Инновациялық жобалар байқауының қорытындысы шықты

Next Post

Шымкент: Ұлттық мектеп лигасының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі