13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Nur otan» партиясы филиалының кезекті XLII есеп беру-сайлау конференциясы өтті

13 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Nur otan» партиясы филиалының кезекті XLII есеп беру-сайлау конференциясы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезекті XLII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Іс шарада Партия филиалы Саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері айтылды. Бүгінгі конференция жұмысы Zoom платформасында онлайн түрде жүргізілді.

Конференцияны ашып жүргізген қала басшысы, партияның қалалық филиалы төрағасы М.Әйтенов қалада жетекші партияның 35 мыңға жуық мүшесі бар екенін атап өтті. Партия мүшелері партияның негізгі күші болып табылатын 49 бастауыш ұйымдарына топтасып Елбасы тапсырмаларын өңірде қарқынды жүзеге асырып келетінін жеткізді.

Жиында «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның есебі тыңдалды. Оның айтуынша, есепті мерзімде партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Жастар Отанға!», «Құтты мекен», «Халыққа көмек» жобалары бойынша 151 524 адам қамтылып 1342 іс-шара өткізілген. Ал партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне қала тұрғындарынан 35 мыңнан астам өтініш түскен болса, олардың 22272 оң шешімін тапқан.

Сондай-ақ, конференция барысында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясы сайланды.

Конференция жұмысын қорытындылаған қала әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов халықпен бірлескен жұмысты күшейту мақсатында партия активіне нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: Nur OtanZoom платформасыЕлбасы тапсырмаларыМұрат Әйтенов
Previous Post

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама арқылы 339 азамат баспаналы болды

Next Post

Шымкент: Инновациялық жобалар байқауының қорытындысы шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі