13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкенттік кәсіпорын экспорт көлемін арттыруда

13 мая, 2021
in Экономика
0
Шымкенттік кәсіпорын экспорт көлемін арттыруда
Share on FacebookShare on Twitter

Макарон өнімдерін шығаратын «БАРЫС 2007» ЖШС-і 2007 жылы құрылды. 2009 жылы кәсіпорынды іске қосу іс-шарасына Елбасы Н.Назарбаевтың өзі қатысқан болатын.

Жобаның ұйымдастырушысы, ауылшаруашылығы саласында және астық өңдеу саласында, диірмен және макарон өндірісін құруда үлкен тәжірибесі бар кәсіпкер – Мұқан Наимбеков.

Кәсіпорын Шымкент қаласы Тассай шағынауданында 3,25 га өндірістік алаң сатып алды. 2008 жылы компания төртінші (соңғы) буынды компьютерлендіру деңгейімен жабдықталған, осы салада әлемдік көшбасшы «PAVAN Mapimpiati SPA» итальяндық компаниямен келісімшарт жасасты. Бұл желінің өнімділігі мен IT-технологияларды қолдануы бойынша Қазақстан мен Орта Азияда аналогтары жоқ.

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында цехтың өндірістік қуаты кеңейтілді. Қаражат – жаңа цех құрылысы, жабдықтар сатып алу, қоймаларды қайта құру және айналым қаражатын толықтыру үшін жұмсалды. Жобаны Халық Банкі қаржыландырды.

Кәсіпорынның жалпы сатылымының 20 %-ы экспортқа тиесілі. Өндіріс орнының алдағы жоспарларында экспорттық әлеуетті 35% — ға дейін арттыру көзделген.

Бүгінгі таңда «БАРЫС 2007» ЖШС – ТМД елдері мен Орта Азия өңірі нарығында үздік макарон өнімдерін өндірушілердің бірі. Заманауи, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын.

Кәсіпорынның ашылғанына көп уақыт өтпесе де, шығарылатын өнімнің жоғары сапасы елдің және жақын шет елдердің азық-түлік нарығында сұранысқа ие.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзPAVAN Mapimpiati SPAБАРЫС 2007ТМД елдеріШымкентШымкенттік кәсіпорынэкспорт
Previous Post

Шымкент: Жұмыскерлердің 122,8 млн теңге көлемінде жалақы қарызы төленді

Next Post

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама арқылы 339 азамат баспаналы болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі