13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Этно-ауыл» кешені ашылды

18 ғасырдан көрініс беретін кешен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанында орналасқан.

11 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Этно-ауыл» кешені ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында «Этно-Ауыл» кешені ашылды. Қазақ даласының XVIII-XIX ғасырдағы өмірін бейнелейтін жоба «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағы, Ахмет Ясауи кесенесінің бекініс қабырғасы мен этнографиялық мұражайдың ортасында орналасқан. Ауданы 16 мың шаршы метрді құрайтын интерактивті этно-ауыл мен Яссы бағының ашылу рәсіміне Елбасы қатысты.

Кесенеге келушілер Яссы бағы мен этно-ауылдың арасы арқылы өтеді. Шетелдік туристер ғана емес, жастар да ата-бабаларымыздың бай мәдениетін көздерімен көріп, қолдарымен ұстай алады. Көшпенділер өркениетінен көрініс беретін этно-ауылдың аймағында қазақ даласындағы тұтас бір дәуір бейнеленген.

Интерактивті режимде ежелгі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді қалпына келтіруді көздейтін этномәдени орталық жыл он екі ай жұмыс істейді. Келушілер сауда  базарын, ежелгі құдық, қолөнер шеберханалары сынды көне кезеңнің көріністерін көре алады. Бағзы заманның әдісімен ағаш өңдеу, тоқыма  тоқу және киіз басу, қыш, зергерлік шеберхана, тас қалаудың қалай жасалатынын да үйренуге мүмкіндік бар.

«Этно ауыл арқылы  XVIII-XIX ғасырдың атомосферасын көрсеттік. Гастрономиялық аймақта Орта Азия елдеріне тиесілі аспаздық өнерді көруге болады. 7,8, 12 қанатты сынды барлығы 9 түрлі өлшемдегі киіз үйлер мен «хан сарайы» тігілген. Ауыл маңында жылқылардың «Табын» мүсіндік композициясы бейнеленген. Ежелгі құдық, садақшыларға арналған атыс тирі де қойылған. Бірнеше аймаққа бөлінген ауылдың жалпы көлемі 3 гектар. Жоба этнографтардың, тарихшылардың  ақыл,  кеңесі бойынша жасалған. Бұл жерде бабалардың заманын  тек көріп қана қоймай, тамақты аспаздармен бірге пісіріп, шеберлермен бірге түйін түюге мүмкіндік бар. Түрлі көріністер түсіруге болады», — деді жобаның ұйымдастырушысы Айко Төкен. 

Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан, қасиетті мекен. Орта дәуірде араб, қытай, парсылар мен еуропалықтарды тоғыстырған «Ұлы жібек жолының» ортасындағы ең үлкен сәнді қала болса, Түркістан XXI ғасырда қайта түледі. Ғұлама шайыр, діни ағартушылардың ғүмыр кешкен өлкесі бүгінде өлім мен өмірді еске салып, нәпсіні тиюды, жаратушыны тануды, ізгілікті  дәріптейтін рухани – мәдени орталыққа айналған. Тәуіп етіп, сауап іздеушілер мен қыдырып келушілер жүретін  құнды кешеннің айналасы да адам танымастай жаңарды. Елбасы сапар барысында хаһарлы хандар мен білімді билер, білекті батырлардың мазарлары жатқан Әзірет Сұлтан қорық-мұражайының аумағында салынған Яссы бағының ашылуына қатысты. Бірнеше аллея, лабиринт, сәндік тоғандары бар бақтың көлемі 8 гектарға жуық.

Айтпақшы, шие, алма ағаштары, каштан, каталпа сынды егілген мыңға жуық ағаштың көбі Германия, Бельгия мен Өзбекстанның  өсімдіктері. Жасыл желектер 6 ұңғымадан шығатын су арқылы автоматты түрде суарылып тұрады.

Previous Post

Түркістан: Төлебилік тұрғын мемлекеттің қолдауымен тігін шеберханасын ашты

Next Post

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдың ашылу рәсіміне қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі