13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік әскерилер ардагерлерді құттықтады

11 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік әскерилер ардагерлерді құттықтады
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлы мереке — Жеңіс күні Шымкент гарнизонының әскери қызметшілері, қаланың әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері және «Жас Сарбаз» сыныптарының оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады.

Әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлерінде қонақта болып, үйінің терезелерінің астында көшпелі концерт ұйымдастырды. Әскери музыканттар ардагерге арнап «Жеңіс күні», «Катюша» және т.б. музыкалық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Майдан жылдарының әуендерін Шымкентте орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригада оркестрі орындады.

«Біз үшін Жеңіс ардагерлеріне көмек көрсету және қолдау көрсету үлкен мақтаныш және құрмет. Осындай жұмысты біз тек Ұлы Жеңіс Күнін тойлау кезінде ғана емес, басқа да күндерде тұрақты өткізіп отырамыз, сондықтан ардагерлер гарнизонның әскери қызметшілерін, әскери-патриоттық клубтар мен «Жас Сарбаз» сыныптарының белсенділерін қуанышпен қарсы алады. Бұл біздің қорғаушыларымызға әлемдегі бейбітшілік үшін жасаған ұлы ерлігі үшін алғысымыз», — деп атап өтті механикаландырылған бригада командирінің орынбасары подполковник Азамат Нұрмаханов.

Әскери қызметшілер және мектеп оқушыларымен әңгімелесу барысында ардагерлер өздерінің майдан және еңбек жылдары туралы естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ гарнизон басшылығы атынан ардагерлерге әскери қызметшілер мен жас патриоттардың атаулы ашықхаттары мен сыйлықтары табыс етілді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзардагерлерЖас сарбазәскерилер
Previous Post

Түркістандық депутат 100 отбасына азық-түлік таратты

Next Post

Түркістан: Төлебилік тұрғын мемлекеттің қолдауымен тігін шеберханасын ашты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі