13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық азаматтар жалғызбасты анаға баспана салып берді

10 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістандық азаматтар жалғызбасты анаға баспана салып берді
Share on FacebookShare on Twitter

Қасиетті Рамазан айында ізгі амал жасау түркістандық жастар арасында дәстүрге айналған. Жылдағы үрдіс бойынша «Бекзат» мөлтек ауданының 1990 жылы туған ер азаматтары бас қосып, баспана салған болатын. Бүгін  тұрмыстық техникалармен жабдықталған 4 бөлмелі үйді 6 перзенттің анасы Нұргүл Әлібаеваға табыстады.

Көпбалалы ана бірнеше жылдан бері пәтер жалдап күнелтіп келген. 2017 жылы жұбайы дүние салған жалғызбасты ана Ерғазы,

Ерасыл, Ералы, Ербұлан, Ерсұлтан және Қарақат есімді ұл-қызды тәрбиелеп отыр. Өз кезегінде қайырымды істің шарапатын көрген Нұргүл Жұмабайқызы жақсылыққа жаны құмар жандарға алғысын білдірді.

«Құрылыс жұмыстарын түгелдей өзіміз жүргіздік.

Ақылдаса келе жаңа үйді көпбалалы анаға сыйлауды жөн санадық. Баспаналы болып, төбесі көкке екі елі жетпей тұрған отбасы мүшелерінің жүзіндегі қуанышты көріп, марқайып қалдық. Көпшілікпен жиналған қаражатқа үйді заман талабына сай етіп тұрғыздық. Атсалысқан барлық азаматтарға, демеушілерге Алла разы болсын», — деді ұйымдастырушылардың бірі Жалғас Сабыров.

Айта кетейік, Бекзат Саттарханов атындағы мөлтек ауданының 1982 жылы туған азаматтары 20 жылдық түлектер кездесу кешінде мұқтаж жанұяға баспана сыйлаған болатын. Аға буын елге тағзым жасауда жастарға осылайша үлгі көрсеткен. Кейін, 1988 және 1989 жылы туған азаматтар да Әз-наурыз мерекесі қарсаңында екі отбасының баспаналы болуына себепші болған. Енді 1991 жылы туған жігіттер де қайырымдылық эстафетасын келесі жылы жалғастыруға ниетті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Қазақ боксшылары Белоруссияда өткен турнирде 3 медаль жеңіп алды

Next Post

Түркістандық депутат 100 отбасына азық-түлік таратты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі