13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі орта мектепке Сабыр Рахимовтың есімі берілді

10 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі орта мектепке Сабыр Рахимовтың есімі берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының №53 орта мектебінде Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахимовтың есімін беруге арналған іс-шара өтті.

Салтанатты жиын Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алудан басталды. Одан кейін соғыс және Қарулы Күштер ардагерлері сөз сөйледі. Олар оқушыларға Жеңіс тарихы мен генерал Сабыр Рахимовтың ерлігін айтып берді.

Іс-шараның соңында Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына арналған мерекелік концерт, сондай-ақ генералдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болды.

№53 орта мектеп 1936 жылы пайдалануға беріліп, Сталин атында болды, ал 1955 жылы Хамзаның құрметіне аталған.

85 жылдан астам тарихы бар оқу орнында 2200 бала оқиды және 200-ден астам мұғалім жұмыс істейді. Мектепте сабақтар қазақ және өзбек тілдерінде екі ауысымда өткізіледі.

2020 жылы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлылар ұлықтайық» жобасы аясында Сабыр Рахимов пен Сағадат Нұрмағамбетовтың есімдерін көшелер мен мектептерге беру туралы мәселе қаралды. Жергілікті атқарушы органдардың және Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қолдауымен Ұлы Отан соғысының батырларына көшелер мен мектептердің атаулары берілді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзСабыр Рахимов№53 орта мектебі
Previous Post

Шымкент : Жас сарбаздар «Ерлік мұражайын» аралады

Next Post

Павлодар түрмесінде педофильді өлтіріп тастаған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі