13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Тұран» жаңа жеңіске жетті

10 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
«Тұран» жаңа жеңіске жетті
Share on FacebookShare on Twitter

Футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 10-турдың ойындары аяқталды. Түркістан облысының «Тұран» командасы «Түркістан-Аренада» Петропавлдың «Қызылжар» футболшыларына қарсы матч өткізді. Қос команда да жасыл алаңда жеңіске жету үшін, тартысты ойын өткізді. Дегенмен, кездесудің алғашқы уақытынан бастап алаң иелері қарсыластар қақпасын торылдаумен болды. Сәт сайын шабуылдарын үдеткен тұрандықтар есеп ашуға ұмтылды. Алайда қарсыластар жоғары деңгейде қорғана білді. Нәтижесінде ойынның бірінші кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталды. Матчтың екінші кезеңінде екі команда да алма-кезек шабуылмен болды. Есеп ашу үшін бар күш-жігерлерін ортаға салған, Абдухалық Бөрібаев шәкірттері қарсыластар қақпасына қауіпті соққылар жасады. Тартысты кездесудің 90+3 минутында қарсыластар өз айып алаңында Асылжан Аббасқа қарсы өрескел қателік жасап, шалып құлатты. Осы жерден 11 метрлік айып добы белгіленді. Айып добын орындауда мүлт кетпеген, Стефан Живкович есеп ашты. Есеп 1:0. Қорытындыда «Тұран» командасы жеңіске жетіп, турнир кестесінде 11-ші орынға жайғасты. Енді тұрандықтар сырт алаңда 14-мамырда Қарағандының «Шахтер» командасына қарсы ойын өткізетін болады.

 

Previous Post

9 мая — День Великой Победы

Next Post

Шымкентте инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі