13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда футболдан ардагерлер арасында достық кездесу өтті

7 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда футболдан ардагерлер арасында достық кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

«Түркістан-Арена» стадионында Алматы және Түркістан қалаларының ардагерлері арасында жолдастық кездесу өтті. Доп додасына қос команда да жоғарғы дайындықпен келген. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және футбол спортының жастар арасында бұқаралығын арттыру мақсатындағы достық кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жиынға арнайы келген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысушыларды  жарыстың салтанатты ашылуымен құттықтап, мықтылардың жеңіске жетуін тіледі. Сондай-ақ, облыс басшысы сөз барысында ардагер футболшылардың осындай спорттық шараға белсене қатсып, өскелең ұрпаққа дәріптеуі де  игі іс екенін және футбол спорты әлемде №1 спорт түріне баланатынында тілге тиек етті. Шараның ашылу рәсімінен кейін екі команда да жасыл алаңда жеңіс үшін, бақтарын сынады. Түркістан облысының командасын Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Түркістан облысының футбол федерациясының президенті Хаким Көшқалиев бастап шықты. Тартысты өткен кездесудің қорытындысында  алматылықтар мықтылық танытып, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бір айта кетерлігі,  екі команда құрамында да кезінде жоғары двизионда және бірінші лига командалары арасында өнер көрсеткен ардагер футболшылардан құралған.

Жеңімпаз атанған команда мен үздік деп танылғандар  арнайы тағайындалған алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды. Енді алдағы уақытта достық қарым-қатынасты арттыру үшін бұл игілікті шара жалғасын табатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан қаласының балуаны Айдарбек Тоқтарбек бас жүлдеге ие болды

Next Post

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі