13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

7 мая, 2021
in Билік
0
Шымкентте инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Бұл жолы ауыл шаруашылығы саласында 2021-2025 жылдар аралығында іске асырылатын жобалар, жаңа инвестициялар тарту және инвестициялық жобалардың өзекті мәселелері талқыланды.

Бүгінгі штаб отырысына ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекзаназаров пен Айгүл Қапбарова, сондай-ақ, басқарма басшылары, инвесторлар қатысты.

Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековтің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы саласында 2021-2025 жылдары 71 инвест жобаны іске асыру көзделген. Өсімдік шаруашылығы бойынша – 19, мал шаруашылығы – 34, қайта өңдеу – 8, сауда  – 10 жоба. Осыған орай 12,7 мың жұмыс орны ашылады.

2021 жылы 32 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы – 7, мал шаруашылығы – 17, қайта өңдеу – 3, сауда саласында – 4 жоба. Айта кетсек, жылыжай бағытында «Agro Park kz» ЖК, «Nur Alem Agro» ЖШС, «AiDi Agro Trade» ЖШС 2021-2022 жылдары әлеуетті инвест жобаларды қолға алмақ.

Етті-сүтті бағытта биыл «Зертас» ШҚ кеңейту, «Наурыз» ЖШС, «Алтынсай» және тағы басқа шаруа қожалықтарын одан әрі дамыту көзделіп отыр.

Сонымен қатар, жиында көпқабатты тұрғын үй, бизнес орталықтары, сауда орындары, өнеркәсіп салалары бойынша жаңа жобалар ұсынылды. Бұл жөнінде «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Б.Канкин мен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков баяндады.

Штаб отырысында инвестиция тарту бағытында жер телімдерін рәсімдеу, инфрақұрылым жүргізу мәселелері талқыға түсті.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзинвестицияШымкент
Previous Post

Шымкент көшелерінде үздік сарбаздардың бейнелері ілінді

Next Post

Шымкент әкімі ардагерді мерекемен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі